Astana Arlans боксшыларының ешқайсысы WSB рейтингісінің көшін бастай алмады

Astana Arlans боксшыларының ешқайсысы WSB рейтингісінің көшін бастай алмады

Astana Arlans боксшыларының ешқайсысы да Әлемдік бокс сериясындағы (WSB) рейтингін жақсартып, алдыңғы қатарға шыға алмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Естеріңізге салсақ, WSB жарысының үшінші маусымы қазақстандық команданың жеңісімен аяқталған болатын. Қорытындысында барлық салмақтар бойынша ТОП-3 құрамына тек бір "арланнан" ғана кіре алды. Бірақ, топ бастап тұрған ешкім жоқ. Жеңіл салмақ дәрежесінде Ukraine Otamans командасына қарсы ойында қазақстандық ұжымға жеңіс әкеліп берген Бағдат Әлімбеков маусым қорытындысы бойынша екінші орынға жайғасты. Ол алты кездесудің барлығында да жеңіске жеткен екен.

Astana Arlans капитаны Самат Бәшенов жеңіл салмақтағы үздік үштікті қорытындылап тұр. Ескерте кететін жәйт, егер ол украиналық Василий Ломаченкодан басым түскен болса, әлемдік рейтинг көшін бастаушы еді. Жеңілістен соң, ол үшінші, ал украиналық атаман бірінші орында қалды.

Astana Arlans сапындағы ең мықты боксшылардың бірі украиналық Сергей Деревянченко орта салмақта үшінші орынды ұстап тұр. Оның осы маусымдағы көрсеткіші - 5 жеңіс, 1 жеңіліс. "Арландар" құрамындағы тағы да бір легионер Хрвое Сеп те бірінші ауыр салмақта дәл осындай көрсеткішке ие.  

Аса ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев украиналық Александр Усикті рингте жеңгенімен, WSB рейтингісінде бірінші орында беріп қойды.

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vesti.kz

Б. Қосмағамбет