ХОК-ты Чинг Куо Ву басқаруы мүмкін

ХОК-ты Чинг Куо Ву басқаруы мүмкін

Халықаралық әуесқой  бокс федерациясының (AIBA) президенті Чинг Куо Ву Халықаралық Олимпиада Комитетінің төрағасына үміткер ретінде өзінің кандидатурасын ұсынып отыр.

Бұл туралы Астанада Дүниежүзілік әуесқой бокс федерациясы AIBA-ның кезектен тыс жиыны барысында мәлім болды. Ал жалпы ХОК-тың жаңа басшысы 2013 жылдың қыркүйек айында Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрестегі ұйымның кезекті конгресінде анықталатын болады. Сол жиында 2001 жылдан бері Халықаралық Олимпиала комитетінің президенті болып келген бельгиялық Жак Роггеде де ресми түрде өз орнынан кетеді.

Чинг Куо Вуға келетін болсақ, бұл кісі 2006 жылдан бері Халықаралық әуесқой бокс федерациясының президенті болып саналады. Ву мырза 2006 жылы бұл атақты AIBA-ны 20 жыл басқарған Анвар Чаудридан мұра етіп алған.   

«Федерацияның атқарушы комитеті мені ұсынып отыр. Бірақ ойлануым қажет. Халықаралық Олимпиада комитеті – алып ұйым. Сондықтан да, бәрін таразылап, шешім қабылдаймын», -  дейді AIBA президенті Чинг Куо Ву. 

Ертеректе Халықаралық Олимпиада Комитетінің президенті болуға бүгінде осы ұйымның вице-президенттік қызметін атқарып жүрген Томас Бах та ұсынылған болатын.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: boxing.sport-express.ru

 

Ю. НИКУЛЛИН