WSB финалында «Арландар» намысын Ақшалов пен Дычко да қорғайды

WSB финалында «Арландар» намысын Ақшалов пен Дычко да қорғайды

Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кезеңіне шыққан «Астана Арланс» командасының финалдық сынында команда намысын Мерей Ақшалов пен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Иван Дычко да қорғайтын болады.

«Сіздер Астанада өтетін финалдық кездесуде 61 келі салмақтағы Мерей Ақшалов пен 91 келіден ауыр салмақта Иван Дычконың өнеріне тәнті боласыздар», - деген «Астана Арланс» командасының президенті Болат Манкенов өзінің туиттердегі парақшасында. Сондай-ақ Болат Тоқтарұлы: «Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кездесуіне команда қызу дайындықтарын бастап кетті. «Украина атамандары» өте мықты команда. Ломаченко мен Усикке қарсы да біз өз жігіттерімізді дайындап жатырмыз. Дегенмен мен қазір шаршы алаңға кім шығатынын құпия ретінде сақтап қалайын. Алдағы кездесуге өзіміздің жоспарымыз бар. Мен тек жанкүйерлердің біздің команданы жақсылап қолдауын сұрағым келеді», - дейді

Айта кетейік, WSB топтамасының 2012-13 жылғы финалдық кездесуінде «Астана Арланс» командасы «Украина атамандары» командасымен жұдырықтасады. Бұл кездесулер 10 және 11 мамыр күндері Астана қаласындағы «Сарыарқа» спорт ғимаратында өтетін болады. Финалдық кездесуге арналған билеттер сатылымға шықты.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: tengrinews.kz

 

 

Ю. НИКУЛЛИН