Джейми Каррагер футбол сарапшысы болмақ

Ла Лига Корреспондент
Джейми Каррагер футбол сарапшысы болмақ

"Ливерпульдің" қарт ойыншысы Джейми Каррагер футболмен қош айтысқан күннен бастап, Sky Sports телеарнасының футбол сарапшысы атанбақ. Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды. 

БӨЛІСУ

35 жастағы қорғаушы өткен жылдың басында маусым бітісімен футболмен қош айтысатынын мәлімдеген болатын. Айта отырсақ, Каррагер "Ливерпульдің" негізгі құрамында сонау 1997 жылдың қаңтарынан ойнап келеді, өз кезегінде команда сапында жүріп, 700-ге жуық ойынға қатысқан.

Тағы бір ақпараттарға сенсек, "Ливерпуль" басшылығы Каррагерге клуб құрамынан жұмыс та ұсынған. Алайда, аты аңызға айналған ойыншы телеарнаға кеткісі келген сыңайлы. 

Басылымының таратып отырған ақпараты бойынша, аталған телеарнада Каррагер футбол сарапшыларымен бір қатарда, ол қатарда "Манчестер Юнайтед" командасының экс-капитаны Гари Невилла, "Ливерпуль" сапындағы бұрынғы әріптесі Джейми Реднап және өткен күннің футболшысы, жаттықтырушысы Грэм Сунеспен бір қатарда сарапшылық қызмет атқармақ. 

сурет:liverpoolfc.kz 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек