Ярослава Шведова әлемнің 35-ракеткасы атанды

Ярослава Шведова әлемнің 35-ракеткасы атанды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) рейтингісінде екі сатыға жоғарылады. Сонымен, бүгін, 29 сәуір күні жаңарған рейтингте Шведова 35-орынға жайғасты. 

Ал Юлия Путинцева болса, бірден сегіз сатыға көтеріліп, қазір ол әлемнің 88-ракеткасы атанып отыр. Қазақстанның тағы бір теннисші қызы Ксения Первак бұрынғы 108-орнын сақтап қалды. 

Галина Воскобоева болса, бір орынға төмен сырғып, қазір 117-орында. Сесиль Каратанчева керісінше 119-дан 118-орынға жоғарылады. Зарина Дияс өз жағдайын бірден он орынға көтеріп, жақсартып алды. Қазір ол 208-орында.  

WTA рейтингісінің алғашқы ондығында еш өзгеріс болған жоқ. Көшбасшылықты америкалық қыз Серена Уильямс сақтап тұр. Одан кейінгі орындарға ресейлік Мария Шарапова мен беларусь қызы Виктория Азаренко жайғасқан. 

29 сәуірге арналған WTA рейтингісі :

1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 11115,
2 (2). Мария Шарапова (Ресей) - 10240,
3 (3). Виктория Азаренко (Беларусь) - 9325,
4 (4). Агнешка Радваньска (Польша) - 6845,
5 (5). На Ли (Қытай) - 6000,
6 (6). Ангелика Кербер (Германия) - 5420,
7 (7). Сара Эррани (Италия) - 5350,
8 (8). Петра Квитова (Чехия) - 5225,
9 (9). Саманта Стосур (Австралия) - 3790,
10 (10). Каролина Возняцки (Дания) - 3760,
... 35 (37). Ярослава Шведова (Қазақстан - 1433,
... 88 (96) Юлия Путинцева (Қазақстан) - 734,
... 108 (108). Ксения Первак (Қазақстан) - 628,
... 117 (116). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 581,
... 118 (119). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 561,
... 208 (218). Зарина Дияс (Қазақстан) - 282,
... 351 (353). Анна Данилина (Қазақстан) - 119.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

 сурет: sports.kz

Б. Қосмағамбет