Қазақ миллиардері «Интердің» инвесторы болуы мүмкін

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
Қазақ миллиардері «Интердің» инвесторы болуы мүмкін

Футболдан италиялық «Интер» командасының президенті Массимо Моратти клубқа жаңа демеушілер қарастыруда. Жаңа инвестор болуы мүмкін деген адамдардың ішінде қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратов та бар екен.

БӨЛІСУ

Tuttosport басылымының хабарлауынша, миландықтардың жаңа инвесторларының ішінде 55 жасар Қазақстанның ең беделді бизнесмендерінің бірі Болат Өтемұратов та бар көрінеді. Forbes журналы анықтағандай, Болат мырзаның 2013 жылғы байлығы $2,2 млрд-қа тең келіп, әлемдегі ең бай адамдардың қатарына жатқызылған.  

Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, Массимо Моратти мен Болат Өтемұратов осы уақытқа дейін бірнеше рет Аппьяно-Джентиледе деп аталатын "Интер" командасының негізгі оқу-жаттығу базасында кезіккен. Дегенмен ол жиын барысында екі тарап қандай келісімге келгендігі туралы нақты ақпарат жоқ. Негізінен бүгінгі таңда "Интердің" бас демеушісі – «Pirelli» компаниясы. Бірақ команданың соңғы жылдардағы сүреңсіз ойындарынан соң, компанияның табыстары біршама азайып қалған. Сол себепті де, Моратти жаңа демеуші іздестіріп жатыр.

Ал Forbes Kazakhstan журналының мәліметіне бойынша, Өтемұратов мырза «2012 жылғы Қазақстанның ең бай адамдары» рейтингінде $1,6 млрд байлығымен 4-орыннан көрінген. Ал биылғы жылы $2,2 млрд табыс көрсеткішімен бұл тізімнің көшін бастады. Сондықтан да Болат Өтемұратов "Интердің" басшыларының қатарына қосылса, келер жылы командаға қомақты қаржы бөлуге шамасы жетеді. 

Тағы да бір айта кететін жайт, Өтемұратов Қазақстан теннис федерациясының да президенті. Бұл кісінің бастамасымен Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Евгений Королев, Ксения Первак, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева сынды ойыншылар азаматтығын ауысытырып, Қазақстанға келген. Және де Қазақстандағы теннистің дамуына елеулі үлес қосып отырған азамат болып саналады. 

  Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: forbes.kz, football.ua