Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Хакерлер ФИФА президентінің туиттеріне шабуыл жасады

Хакерлер ФИФА президентінің туиттеріне шабуыл жасады

Хакерлер ФИФА президентінің туиттеріне шабуыл жасады

Twitter әлеуметтік желісіндегі Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) ресми парақшасына хакерлер шабуыл жасапты. Бұл туралы ФИФА-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Хакерлер Халықаралық футбол федерациясының және осы ұйымның басшы Йозеф Блаттердің Twitter желісіндегі жеке парақшасын Астана уақытымен шамамен 22:00-де бұзған. Блаттердің жеке парақшасында ол парақорлық мәселесіне байланысты жуық арада орнынан өз еркімен кететіндігі туралы хабарлаған. Ал орнына Иордания королінің ұлдарының бірі Әли Бин Әль-Хусейн келетіндігі туралы жазба қалдырып кеткен. Өз кезегінде Әли Бин Әль-Хусейн бүгінге ФИФА ұйымының вице-президенті болып саналады.

Сондай-ақ шабуыл жасағандар ФИФА президентінің атынан 2030 жылы Иордания мемлекеті Әлем чемпионатын лайықты өткізе алатындығы туралы да жазба қалдырған. Ал ФИФА-ның ресми уәкілдері бұл хабардың барлығы да шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдеп отыр.

«Халықаралық футбол федерациясы мен Йозеф Блаттердің кеше кешкілік Twitter парақшасында жарияланған мәліметтері мүлде шындыққа жанаспайды. Мұны осы ұйымға қарсы жаман пиғылдары бар адамдар жасады. Біз осы мәселеге байланысты ФИФА-ның байланыс бөліміне Twitter-де шыққан әр хабарламасын мұқият бақылауға тапсырма бердік. Шабуыл жасаған адамдар жуық арада табылатын болады», - делінген ФИФА-ның ресми сайтында.

Қолда бар мәліметтерге жүгінетін болсақ, шабуыл жасағандар тек Халықаралық футбол федерациясы мен Йозеф Блаттердің жеке парақшасын ғана емес, сонымен қатар 2014 жылғы Бразилияда өтетін Әлем біріншілігінің ресми микроблогын да бұзған екен. Бірақ мұнда хакерлер ешқандай мәлімет қалдырмаған.

Осы оқиғаға байланысты бүгін Syrian Electronic Army атты ұйым "Шабуылды біз жасадық" деп ресми хабар таратып отыр.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: media.skynews.com, vesti.kz

1078 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 23 сәуір 2013, 13:19
Пікірлер
+0
23 сәуір 2013, 18:25

не дейміз бұған, оппа..............

+0
27 сәуір 2013, 21:45

ма саган мыкты го хаккерлерин :) :) :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...