Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Джерри Джонсон Қазақстан азаматтығын алды

Джерри Джонсон Қазақстан азаматтығын алды

Джерри Джонсон Қазақстан азаматтығын алды

«Астана» баскетбол командасының ойыншысы Джерри Джонсон ресми түрде Қазақстан азаматтығын алды.

Енді бұл ойыншы Қазақстан құрамасына алдағы Азия чемпионатына іріктеу аясындағы ойындарда көмектесетін болады. Бұл мәліметті «Астана» командасының қорғаушысы өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына: «Мен Қазақстан азаматтығын алдым. Бұл менің спорттық ғұмырымдағы тағы бір белес деп білемін. Алдағы уақытта баскетболдан Қазақстан Ұлттық құрамасына Олимпиада ойындарына жолдама алып беру үшін қолымнан келгеннің барлығын да жасайтын боламын», - деп жазу арқылы таратты.

Джерри Джонсон ресми түрде Қазақстан азаматтығын алғандығын Қазақстан баскетбол федерациясының вице-президенті Олег Севергин мырза да растап отыр. Отандық баспасөздердің біріне берген сұхбатында: «Азия біріншілігіне електеу сындарында Қазақстан құрамасына Джерри Джонсон да көмектесетін болады. Дегенмен, құжаттар әлі де толық реттелген жоқ. Іріктеу сындары басталғанша, бұл мәселе өз шешімін тауып қалар», - деді ол. 

Жалпы, Джерри Джонсон баскетболшы ретінде түріктің «Галатасарай», Литваның «Летувос Ритас», Бельгияның «Шарлуэра», Францияның «Клерьмонт» секілді командаларында тер төккен. Ал 2011 жылдан бастап, ВТБ лигасында еліміздің намысын қорғап жүрген «Астана» баскетбол клубында өнер көрсетіп жүр. Тағы бір айта кететін жайт, сәуір айының 23-жұлдызында Джерри өзінің 31 жасқа толған туылған күнін атап өтетін болады.

Қазақстан баскетбол федерациясының алдағы уақытқа құрған жоспарларының ішінде Азия біріншілігіне іркілмей өту мақсаты бар. Осыған орай, мамыр айының 6-8-і аралығында елордамыз Астана қаласында Азия біріншілігінің електеу сындары өтетін болады. Бұл додаға қатысуға әзірше, Өзбекстан және Түркменстан құрамалары ғана келісімдерін беріп отыр.

 Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: alasharena.kz

1256 3
Рейтинг: +0

Дайындаған: ЮРИЙ НИКУЛЛИН
Қосылған күні: 22 сәуір 2013, 11:50
Пікірлер
+0
22 сәуір 2013, 12:44

шетел азаматтары Қазақстан азататтығын алғанда қазақ тілінен экзамен тамсыра ма екен? ;)

+0
22 сәуір 2013, 12:48

қош кепті ))

+0
22 сәуір 2013, 23:50

жатып алып қара жорғаны жіберді мынауың :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...