Нұрмахан Тыналиев Азия біріншілігінде топ жарды

Нұрмахан Тыналиев Азия біріншілігінде топ жарды

Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Нұрмахан Тыналиев Нью-Делиде өтіп жатқан Азия біріншілігінде топ жарып, алтыннан алқа тағынды. Бұл жөнінде Қазақстанның Күрес Федерациясы хабарлады. 

Жарыстың ең жоғары салмақ дәрежесінде (120 келіден аса) өнер көрсеткен жерлесіміз финалдық белдесуде қытайлық Ни Ксиаомингадан айласын асырды.

Одан бөлек, осыған дейін 66 келі салмақта Ербол Қоңыратов Қазақстан құрамасының қоржынын қола медальмен толтырған болатын. Осылайша, жарыстың бірінші күні еліміздің спортшылары үшін өте сәтті аяқталды.

  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alaman.kz 



 

Б. Қосмағамбет