Спорт алаңы

Спорт алаңы

Нидерландық "Ledssports" компаниясы барлық спорт кешендеріне тиесілі ең басты қиындықтың алдын алып отырғандай. Таяуда компания қызметкерлері алаңды жік-жікке бөлетін жарықдиодты (светодиод) қаракөлеңке жасап шығарған.

Кейде ойыншыларды әуре-сарсаңға салатын алаң үстіндегі "тілім-тілім" сызықтарды көріп жатамыз. Енді міне алаң үстінен бір спорт түріне қарасты сызықтар ғана көрініп, өзге спорт түрлерінің жолақтары көзден тасада қалмақшы.

Таймер, көрсеткіш тақта (табло) секілді негізгі бөліктер де назардан тыс қала қоймаған.

Аталған өнертабыстың тағы бір артықшылығы, тікелей эфир жүргізу мен репортаж жасауға оңтайлы мүмкіндік беретіні. Сонымен қатар, көзі нашар көретін спортшылардың алаңға бейімділігін жақсартатыны.

Қазіргі таңда жаңа технология өзге салаларда да қолданылып жатыр.

сурет:drunov.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига