«Барселона» «Милан» клубын жеңу үшін музыка пайдаланбақшы

«Барселона» «Милан» клубын жеңу үшін музыка пайдаланбақшы

«Барселона» клубының капитаны Карлес Пуйоль «Миланға» қарсы өтетін Чемпиондар лигасының плей-оффтық ойынының жауапты кездесуінде футболшыларды қолдап-қуаттау үшін өздеріне сай айла ойлап тапты.

Каталондықтардың капитаны ойын басталар алдынба клубтың киім алмастыратын бөлмесінде музыканы қойып, футболшыларды рухтандырады екен. Бұл команданың керекті нәтижесіне жету үшін жәрдем береді деп сенеді екен Пуйоль.

Ноу-Кампта өтетін бүгінгі кездесуде Карлес Пуйоль каталониялық Lax'n'Busto тобының әнің таңдаған. Әннің атты «Біз күресеміз».

Айта кетейік, Чемпиондар Лигасы аясындағы «Милан» мен «Барселона» командасы арасындағы кездесу 2-0 есебімен италиялықтардың пайдасына шешілген болатын.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: www.eurosport.ru

Ю. НИКУЛЛИН