Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Футбол. "Танго 12"

Футбол. "Танго 12"

Футбол.

Биылғы Қазақстанның футбол мауысымының шымылдығы жаңа доппен ашылады. Кеше ҚФФ-сы "Еуро-2012" дүбірлі доданың ақтық кезеңінің "Танго 12" атты добын халыққа жария қылған. Жаңа допты бүгін бірінші болып "Ордабасы" мен "Шахтер" футболшылары Қазақстанның футбол біріншілігі аясында сынақтан өткізеді.

Бүгіннен бастап "Танго 12" добы отандық футболшылардың қолданысына өтеді. Кеше Қазақстан футбол федерациясының Ұлттық футбол лигасының вице-президенті Олжас Абраев пен «Адидас групп» компаниясының спорттық бұйымдар жөніндегі менеджері Максим Павлов баспасөз маслихатын өткізіп, жаңа "Танго 12" добы жайында сөз қозғады.

- Бұл доп «Еуро-2012» жарысының ақтық кезеңіне арнайы шығарылғанын сіз бен біз жақсы білеміз. Қазір бұл доп Еуропаның бес чемпионатында қолданылып келеді. Бұлардың ішінде Германия мен Ресей бірншіліктері де бар. Былай айтқанда, Қазақстан "Танго 12"-мен ойнайтын бірінші елдердің қатарында. Ал жалпы, Қазақстан футболшылары "Адидас" добын теуіп жүргеніне 5 жыл болды, - деді Павлов өз сөзінде.

Салмағы бар-жоғы 440 грамм болатын "Танго 12" әртүрлі климаттық және зертханалық сынақтардан өтті. Оны жетілдіруге әлемдік футбол жұлдыздары атсалысқан. Олардың қатарында: Бастиан Швайнштайгер, Петер Чех, Эшли Янг пен Хави болды. "Танго 12" бұрын қолданылған доптардан техникалық мүмкіндіктері мен сыртқы дизайнымен ерекшеленіп, қазіргі таңда шығарылған доптардың үздігі болып танылады.

Доп суретінің жобасында Украина мен Польша елдерінің ұлттық әдет-ғұрыптары ескерілген. 

Айтпақшы, аталған допты еліміздің спорттық дүкендерінен 27 500 теңгеге сатып алуға болады. 

Сурет: sport.oboz.ua

1767 14
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 наурыз 2012, 11:00
Пікірлер
+0
06 наурыз 2012, 11:55

футболсүйер қауым үшін жақсы сыйлық!

+0
06 наурыз 2012, 19:06

Эх осындай доп апперіндерш

+0
07 наурыз 2012, 01:20

Ләңгі ойнайсыңба?

+0
07 наурыз 2012, 11:36

Мен ойнаймын ))))))

+0
07 наурыз 2012, 15:01

жарысасыңба?

+0
07 наурыз 2012, 15:13

Сізбен ба? Жарайды ))

+0
07 наурыз 2012, 19:03

қатты ойнап қоясыңба не? ))

+0
07 наурыз 2012, 19:07

Сенімді болмасам сөйлемеймін ))) десен ))) жоға, қайдағы, әзіл ғой, бұрын ауылға барғанда жағаласып ағалармен ойнайтынмын, ойнай да алмаймын, ашин мены ренжітпейін деп амал жоқ ойнататын аға )))))

+0
07 наурыз 2012, 22:51

мүмкін үйретейін?!

+0
07 наурыз 2012, 04:24

Осы күнге де жеттік қой

+0
07 наурыз 2012, 11:01

Осы доппен сайда ойнасаң ғой, шіркін!!!!!!!!!!!!

+0
07 наурыз 2012, 11:10

мықты доп деп естігем

+0
07 наурыз 2012, 15:27

Шымкенттіктееееер, суперкубоктарың құтты болсын!!!

+0
07 наурыз 2012, 15:54

Ордабасы супер! Алға!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...