Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / "Милан" мен "Барса" арасындағы ойында теледидар жөндеген ойыншы

"Милан" мен "Барса" арасындағы ойында теледидар жөндеген ойыншы

Париждік «ПСЖ» командасының сұрмерген шабуылшысы Златан Ибрагимович "Милан" мен "Барса" арасындағы ойында бірге отырып көруге барған әріптестерін кездейсоқ тап болған қысылтаяң шақтан оп-оңай алып шығыпты. Ол ойын барысында орын алған теледидардағы олқылықты жөнге келтіре алған.

Хавьер Пасторе мен Эсекиэль Лавесси бастаған "ПСЖ" командасының ойыншылары «Сан-Сиродағы» ойынды тікелей эфирде бірге тамашаламаққа бекінген. Содан не керек, ойын көркі қыза берген тұста теледидар экраны қызмет аясынан шығып кетіп, мейрамхана қызметкерлері әуре-сарсаңға түсіпті. Дәл сол тұста іс барысына Ибрагимович араласып, теледидардағы ақауды еш қиындықсыз жөнге келтіре алған.

"Ойын барысында күтпеген қиындықтар туындап еді. Бәр сәтке болса да теледидар экраны істен шығып қалған болатын. Міне, осы кезде Златан телевизор пультін өз қолына алып, тез жол тауып кетті. Ол барлық саланың білгірі екен!"- дейді мейрамхана иесі.

Златанның техникалық саладағы азды-көпті біліктілігінен соң, бәрі бірге отырып тамаша футбол спектаклін тамашалаған. Парижге бармай тұрып екі клубтың да сапында ойнаған Ибрагимович өз алдына ерекше ықыласпен көріпті.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1245 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 22 ақпан 2013, 15:16
Пікірлер
+0
22 ақпан 2013, 15:52

Жігітке жеті өнер де аз деген бар гой. Мүмкін Зәкеңнің бұл да бір өнері шыгар

+0
22 ақпан 2013, 16:17

Ибрагимовичке ремонт телевизоров быстро и качественно деп париждің подъездеріне жарнама жапсырып қою керек деші :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
22 ақпан 2013, 16:40

:lol: :lol: :lol:

+0
22 ақпан 2013, 19:06

сода сөз боп па???

+0
23 ақпан 2013, 00:24

біз кезінде антенаны ұстап отыратын едік матч бойы :D

+0
25 ақпан 2013, 17:34

ал менің сол сол матчта ноутымның экранында доп-домалақ загрузка нервыма тиді)))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...