Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Астанада әлемнің шахмат «ханшайымдары» бас қосады

Астанада әлемнің шахмат «ханшайымдары» бас қосады

Астанада әлемнің шахмат «ханшайымдары» бас қосады

Әлемнің шахмат «ханшайымдары» Астанада бас қоспақ. Қазақстан астанасында 2-13 наурыз аралығында шахматтан командалық әлем чемпионаты өтеді.

Қазақстан құрамасында - халықаралық гроссмейстор Гүлісхан Нахбаева, Қазақстандағы ең жас әйел гроссмейстер Динара Садуақасова, Словенияда юниорлар арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жансая Абдімәлік және де Стамбулда өткен шахмат Олимпиадасының қатысушылары Мадина Дәулетбаева мен Гүлмира Дәулетбаева.

Қазақстан Шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Садуақасов Түркияда дәл осы құраммен жақсы нәтижеге қол жеткізгенін айтып өтті. Соның ішінде Нахбаева әлем чемпионы Хоу Ифаньмен тең түскен. Жуырда Сәдуақасова Мәскеуде өткен жарыста бірінші орынды бөлісті. «Жалпы, біздің команда өте потенциалды. Бірнеше жылдан соң Қазақстанның әйелдер құрамасы шахматтан әйелдер арасындағы әлемдік бәсекеде үздіктердің қатарынан көрінеді», - дейді Садуақасов.

Қазақстан құрамасы

Айта кетсек, Қазақстан әйелдер арасында әлем чемпионатын өткізу құқығын 2012 жылдың қыркүйегінде Халықаралық Шахмат федерациясының (ФИДЕ) Бас Ассамблеясында иеленген болатын. Жарысқа Әлемдік шахмат Олимпиадасының нәтижесі бойынша үздік үш құрама, бес құрлықтық чемпиондар, ұйымдастырушы мемлекет және де ФИДЕ президентінің шешімімен бір команда қатысады. Қазақстан командасымен Қытай, Ресей, Украина, АҚШ, Үндістан, Франция, Түркия, Грузия, Румыния құрамалары бақ сынасады. Әр команда құрамында - бес адам.

Садуақасов гроссмейстерлердің нақты құрамын хабарламады себебі жарысқа дейін командаларда ауыстырулар пайда болуы мүмкін. «Астана5f әлемнің мықты шахматшы қыздары келеді және оның қорытындысын болжау оңай емес. Дәстүр бойынша, басты фаворит Қытай мен Ресей құрамалары саналады. Бұған тағы Украинаны да қосар едім», - дейді Садуақасов.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: vesti.kz

1274 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 15 ақпан 2013, 23:32
Пікірлер
+0
16 ақпан 2013, 06:57

Ооо барып көретін екен. Шахматты өте ақылдылар ойнайды

+0
16 ақпан 2013, 11:43

Мықты қыздар екен, тамаша!

+0
16 ақпан 2013, 16:58

Қазақстан алға!

+0
16 ақпан 2013, 18:14

Ote akylsyzdar doiby oinaidy ! :D

+0
17 ақпан 2013, 13:28

жақсы жақсы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...