Гавайлық серфер 30 метр толқынды бағындырды

Гавайлық серфер 30 метр толқынды бағындырды

Гарретт Макнамар есімді гавайлық серфер 30,5 метрлі толқынды бағындырды. Ол бұл рекордты Португалияның Назаре елді-мекенінің Атлант мұхитымен шектескен тұсында жасалған. Америкалық егер рекордын арнайы комиссияға ұсынып жатса, 2012 жылы жасаған өзінің рекордын жаңартады.

Оның Алистер Менни есімді досы бұл сәтті өз көзімен көріп, мұны тіпті құбылыс деп баға беріпті. Оның айтуы бойынша, ауа райы мен толқын Макнамар үшін өте қолайлы болған. Ең қиын сәтте серфер еш қателік жасамай өткен.

2012 жылы мамыр айында Гиннесс рекордтар кітабы Макнамардың 24 метр биіктікке дейін көтерілген толқынды бағындырғанын тіркеген еді. Рекорд видеоға да жазылған.

Макнамардың рекорд етіп жаза ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Макнамардың өзі де, достары да әлемге саяхаттап жүріп, толқын іздеумен айналысады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta.ru

А. Құлтай