Алғашқы жеңіс кімге бұйырмақ?

Алғашқы жеңіс кімге бұйырмақ?

Наурыздың алтыншы жұлдызында Астана-Арена стадионында тартысты ойын басталады. Бұл ойын Қазақстанның өткен жылғы қос чемпионы қарағандылық «Шахтёр» мен шымкенттік «Ордабасы» құрамалары арасында өткізілмекші. Суперкубок үшін жарыста ереже бойынша Премьер Лига мен Қазақстан кубогiн алған қос құрама ойын көрсетеді. Ұйымдастырушылардың ойынша бұл маусымашар ойыны халықтың көңілінен шығады.

Осындай тартысты ойын біздің елге Еуропадан енгізілген. Кәрі құрлықта бұл ойындар бұрыннан келе жатқан үрдіс. Кез келген әлемдік футбол державаларын алып қарайтын болсақ, барлығы суперкубок ойынынан бастайды. Бұл ойындар футбол жанкүйерлерінің көңілінен шыға білуде.

Қазіргі күні Қазақстанда да бұл жарыс көздің тасасында қалған жоқ. 2008 жылдан бастап, барлық футбол маусымы суперкубок жарысымен өз бастауын табуда. Тек 2009 жылы болған жоқ, себебі қарсыластарына дес бермеген Ақтөбе құрама командасы еліміздің чемпионы бола тұрып, Қазақстан кубогын да қанжығасына байлады. Ал кезекті ойын сарапшылардың есептері бойынша өз қызығына толы болмақ. Себебі қос команда да осы күнге дейін бұл жүлдені алып көрмеген. Басқа да айта кетер жайт, қос құраманың соңғы ойындары тартысты түрде өтуде. 2011 жылғы мәліметтерге сүйенер болсақ, Шахтер үшін ең қиын ойындар Ордабасы құрамасымен болған. Себебі Премьер Лигада Шахтердан бірде-бір рет жеңілмеген жалғыз құрама Ордабасы екен. Мүмкін қарағандылық ойыншылар жанкүйерлерін қуантып та қалар. Алдағы маусымға қос құрама да өте жақсы дайындалған. 

Қорытындылай келгенде шымкенттік және қарағандылық командалар арасындағы ойын көруге тұрарлық дегіміз келеді. 6 наурыз күні футболшыларымыз жанкүйерлерге әсерлі ойын сыйлар деген үміттеміз.

Суреттер: sports.kz

Форумда талқылау

a. aaa