Футболдағы ең үлкен есеп

Футболдағы ең үлкен есеп

Футболдағы ең үлкен есеп Мадагаскар біріншілігіне тиесілі екен. Ондағы есеп қазіргі кездегі футболдағы әлем рекорды болып есептелінеді. 

Рекорд жергілікті Туамасин қаласының клубы "Адема" мен "Олимпик" командасы арасындағы матчта тіркелген екен. Ойындағы есеп - 149:0. Яғни, орташа есеппен гол әр 36 секунд сайын соғылған. Осы цифр футбол тарихындағы ресми матчтар арасында тіркелген ең үлкен есеп болып саналады. 

Бір қызығы, әлемдік рекордты орнатуға нөлдік есеппен ұтылған команда футболшылары да ат салысқан. Оған себеп, қонақ команданың футболшылары кездесуге төрелік жасаған қазыға еш көңілдері толмаған. Сол себепті, ыза болған олар допты өз қақпаларына топырлатып сала берген. Төреші де өз дегенінен қайтпай, матчты соңына дейін аяқтап, қорытынды есепті 149:0 деп белгілеген.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: samogo.net

Б. Қосмағамбет