Милан-Арсенал: 4-0

Милан-Арсенал: 4-0

Италияның "Милан" футбол командасы Чемпиондар Лигасы аясында 1/8 кездесуде "Арсеналдың" футболшыларын өз алаңында 4:0 есеппен тізе бүктірген болатын. Бұл туралы  ақпарат UEFA-ның ресми сайтында жарияланды.

Кездесудің 15 минутында есепті Кевин-Принс Боатенг ашса, "Миланның" легионері бразилиялық Робинью кездесудің 36 минутында көзге түсті. 13 минуттан кейін Робинью екінші рет көзге түсіп, қарсыласының қақпасына осы кездесудегі екінші голын соқты. Араға жарты сағат салғаннан кейін Златан Ибрагимович пенальти орындап, есепті одан сайын ұлғайтты. Екі команда арасындағы жауапты кездесу Лондонда 6 наурыз күні өтпек.

Естеріңізге сала кетсек, 1/8-дің тағы бір кездесуінде ресейлік "Зенит" өз алаңында "Бенефиканы"  3:2 есеппен жеңген еді. Петерборлық команда мен португалиялық клубтың арасындағы жауапты кездесу де 6 наурыз күні Лиссабонда өтеді.

Форумда талқылау.