Футбол әлеміндегі ықпалды тұлғалар

Футбол әлеміндегі ықпалды тұлғалар
Фото: eurosport.fr

France Football басылымы футбол әлеміндегі ең ықпалды тұлғалардың рейтингін түзді. Толық  тізім бүгін жарияланады.

Басылым түзген рейтингте бірінші орынды "Пари Сен-Жермен" клубының президенті Нассер Аль-Хелайфи иеленген. Сондай-ақ ол Катардағы France Football телекомпаниясын да басқарады.

Футбол әлеміндегі ең беделді, ең ықпалды тұлғалардың үштігіне "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду мен Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағының (FIFA) президенті Джанни Инфантино енген. Бірақ кімнің қай орында екені нақты жарияланған жоқ.

- Мен үшін атақ пен даңқ маңызды рөл атқармайды. Қызықпаймын да. Мен нәтиже болғанын қалаймын, - дейді Нассер Аль-Хелайфи.

Н. Үсенова