Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол МОЛДАЖАН

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / "Үміт марафоны". Бір аяғы жоқ желаяқ 143 күн тоқтамай жүгірген

"Үміт марафоны". Бір аяғы жоқ желаяқ 143 күн тоқтамай жүгірген

Фотодан көріп тұрған желаяқтың есімі – Терри Фокс. Бір аяғы жоқ ол 1980 жылы 143 күн тоқтамай жүгірген.

Бала кезден спортқа жақын болып өскен Терренс Стэнли Фокс (толық аты-жөні) баскетболмен айналысқан. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң, дене шынықтыру саласында қызмет істегісі келген. Алайда 19 жасында оң аяғын ауырсынып, сүйек саркомасымен ауыратынын білген. 

Сүйек обыры асқынып кеткендіктен, дәрігерлер Терридің аяғын кесіп алып тастауды жөн деп шешкен. Жасынан жігерлі болып өскен Терри Фокс ауыр дерттен соң үш жыл өткенде бүкіл Канаданы жаяу жүгіріп өтуге бел буады. Мақсаты – онкологиялық ауруларды зерттеуге қаржы жинау. Терри "Үміт марафоны" атаған акциясы кезінде жолда кездескен әрбір Канада азаматынан бір доллардан жинауды жоспарлаған. Ауыр сапарға ол бір жыл бойы күнде дайындалған. Өйткені жасанды аяқпен тоқтаусыз жүгіру қиынның қиыны екенін жақсы түсінді.

Терри Фокс "Үміт марафонын" 1980 жылдың 12 сәуірінде Атлант мұхитынан бастап, Тынық мұхитында аяқтауды көздеген. Ол күніне 42 шақырым жүгіріп отырды. Алайда көп ұзамай Терридің ауруы асқынып, аяғын әрең басатын болды. Алайда ол жанын жегідей жеген ауруға қарамастан ерік-жігерін жинап, мақсатына күннен күнге жақындай түсті.   

Дегенмен Терридің ауруы діттеген мақсатына жеткізбеді. Ол марафонды аяқтай алмады. Обыр өкпеге жетіп, Терри 1980 жылдың 1 қыркүйегінде жүгіруден бас тартты. 143 күн тоқтаусыз жүгірген ол 5 373 шақырымды басып өткен. Терри Фокс Ньюфаундленд, Жаңа  Шотландия,  Эдуард хандаза аралы, Нью-Брансуик, Квебек және Онтарио штаттарын жүгіріп өтті.  Марафонды аяқтаған соң Терри он айдан соң аурудан көз жұмды. 

Канада халқы Терри Фокстың ерлігіне риза болып, 24 миллион доллар шамасында қаржы жинады. Терри тек қана марафон жүгіріп қана қоймай, қоғамның назарын өзіне аударды. Қазіргі таңда Канададан бөлек әлемнің 50 мемлекетінде жыл сайын Терри Фокс атындағы қайырымдылық марафоны өтеді. Оған қоса Terry Fox Run марафоны әлемде ең көп қаржы жинайтын жеке кампания ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Қазыр "Терри Фокс атындағы фондтың" нарықтағы құны 360 миллион долларды құрайды. 

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: Cont.ws
Қосылған күні: 27 қаңтар, 14:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.