Самир Ханданович - пенальти қайтарудың хас шебері

Самир Ханданович - пенальти қайтарудың хас шебері
Фото: eurosport.com

"Интер" (Италия) футбол клубының қақпашысы Самир Ханданович - әлем футболындағы пенальти қайтарудың хас шебері. Дәлел келтірейік.

Өткен турда "Интер" өз алаңында "Аталанта" клубын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Антонио Конте шәкірттері бұл ойында ұтылып та қалуы мүмкін еді. Бірақ кездесудің соңында Ханданович пенальти қайтарып, тең нәтижені сақтап қалды.

Бұл словениялық қақпашының карьерасында қайтарған 30-пенальти. Самирдің қақпасына жалпы 76 рет он бір метрлік айып добы белгіленген. Рекорд Италия футболының аңыз қақпашысы Джанлука Пальюкаға тиесілі. Ол 89 пенальтидің 31-ін қайтарған. Қарап отырсақ, Ханданович бұл рекордты қайталауы әбден мүмкін.

Самир Хандановичке Эдисон Кавани (Наполи), Лука Тони (Верона), Антонио Кассано (Сампдория, Парма) секілді әлем футболының азулы шабуылшылары екі реттен пенальти соға алмаған.

Уалихан Қосанбай

Н. Үсенова