"Астана Арланс" бейнеролигі түсірілді (видео)

"Астана Арланс" бейнеролигі түсірілді (видео)

WSB сериясында еліміздің намысын үш жылдан бері қорғап келе жатқан «Astana Arlans» алдағы маусымға видео-ролик дайындады. Роликтің басты мақсаты команда сапында әр елден келген күрзі жұдырық боксшыларды бір шаңырақ астында айрандай ұйытып, жоспар мен мақсат бір екенін аңғарту. Сонымен қатар қарқынды дамып келе жатқан Тәуелсіз қазақ елінің қонақжайлығы мен салт-дәстүрін көрсету. Аз ғана уақыттың ішінде көркейіп келе жатқан елордамыз Астана қаласын әлемге таныту.

«Astana Arlans» командасының директоры Болат Манкенов:

- Бұл бейне-роликті WSB сериясының PR менеджері яғни, «Bikesh PRO» компаниясы түсірді. Роликте мүмкіндігінше қазақ халқының дәстүрін көрсетуге тырыстық. Сондай-ақ Сарыарқа төсінде кең жайылған жердің орнына елордамыз Астана қаласының да өркендеуін бердік. Негізі бұл ролик үш тілде шықты. Қазақ, орыс және ағылшын. «Арландар» өз жерінде өнер көрсеткенде (8 желтоқсан күні "Арландар" Алматының «Балуан Шолақ» спорт кешенінде Ұлыбританияның «Арыстан жүректілерін» қабылдайды) қазақша нұсқасы қойылады, ТМД жеріне шыққанда орысша, ал Америка немесе Еуропа жеріне шыққанда ағылшынша қойылады. Бейне-роликті Алматы маңында түсірді. Қасқырды біз арнайы бейне -ролик үшін алдырттық. Ал қобыз тартып отырған шал, «Қыз Жібек» фильмінде Төлегенді сомдаған, Қазақстанның халық әртісі - Құман Тастанбеков.  Жалпы бұл қазақ халқын насихаттау үшін жасалған дүние.


Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: alasharena.kz


М. Оңғарова