Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Роналдумен бірге ойнап, Мессидің үздік екенін айтқан 8 футбол жұлдызы

Роналдумен бірге ойнап, Мессидің үздік екенін айтқан 8 футбол жұлдызы

Роналдумен бірге ойнап, Мессидің үздік екенін айтқан 8 футбол жұлдызы

“Манчестер Юнайтед” аңызы, кезінде Криштиану Роналдумен бірге доп тепкен Райан Гиггзтен журналистер "Роналду мен Мессидің қайсысын таңдайсыз?" деп сұрағанда, ол аргентиналық шабуылшыны таңдайтынын айтқан. 

“Месси немесе Криштиану? Месси. Еш күмәнсіз. Олардың біреуін ғана таңдау оңай шаруа емес. Мен Роналдумен бір командада ойнағанмын, оның футболшы ретінде дамуының куәгері болғанмын. Бірақ Месси – нағыз гений, мұндай футболшыны өміріңде бір-ақ рет кезіктіресің. Мен Роналдуды да таңдар ем, бұл жерде салыстыру да орынсыз”, - дейді Уэльс ұлттық құрамасының тізгінін ұстаған Гиггз.

Гиггз Роналдумен бірге ойнап, Мессиді жоғары бағалаған алғашқы футболшы емес. Корольдік клуб пен қызыл сойқандар арасында мұндай ойыншылар көп. 

Гути (Роналдуменен “Реал” сапында 2009/10 жылдары бірге ойнаған)

Корольдік клуб қарамағында 25 жылын өткізген “Реал” ойыншысы 2013 жылдарда-ақ Мессидің Роналдудан бір саты жоғары екенін айта бастаған. “Маған таңдау жасау ауыр. Бірақ мен Мессиді таңдаймын”, - деген еді испаниялық жартылай қорғаушы. 

Бірнеше жыл өтсе де бұл пікірінен айнымағанын жеткізді. Тек бұрынғы сөздеріне сәл түзету енгізді: “Мен Мессидің Роналдудан бір саты жоғары тұратынын айтқанмын. Шындығында екеуін де таңдаған болар едім. Месси – таланттырақ ойыншы. Бірақ Роналду да осы деңгейге өз еңбегі арқылы жетті. Ол – нағыз бомбардир. Месси дәуірінде 5 рет “Алтын доп” иесі атану үлкен нәтиже”.

© skysports.com

Уэйн Руни (Роналдумен “МЮ”-де 2004-2009 жылдары бірге ойнаған)

“Месси! Бәлкім олар футбол тарихындағы ең үздік футболшылар шығар. Бірақ Месси біраз талантты ойыншы”, - деген еді 2018 жылғы ток-шоулардың бірінде. Арада екі ай өтіп бұған қатысты пікірін тағы да тілге тиек етті.

“Криштиану сұрмергендік жолды ұзақ жүріп өтті. Ол допқа бір-екі аяқ тигізіп ойын мәселесін шеше алады. Ал Месси мүлдем мүмкін емес нәрселерді жүзеге асырады. Мысалы, ол доппен алаң ортасында жүріп, көзді ашып-жұмғанша гол соғып кете алады. Месси  – алаңда кез келген нәрсені жасай алатын ойыншы. Сондықтан да Мессиді таңдаймын”, - деген еді.

Руд ван Нистелрой (2003-2006 жылдары “МЮ”-де, 2009-2010 жылғы маусымда “Реал” сапында Роналдумен бірге ойнаған)

Жақында шетелдік ақпарат басылымдарында Нистелрой айтты деген мынадай пікір пайда болды: “Месси үздік. Себебі, ол – Мбаппе, Фигу, Зиданның барлық қасиеттерін бір бойына жинаған ойыншы”.

Кейіннен нидерландиялық футболшы мұндай пікір білдірмегенін айтты. Бірақ бір жыл бұрын осыған ұқсас ой айтқан болатын: “Месси – мінсіз футболшы, футбол тарихындағы үздік ойыншы”, - деген еді Руд ван Нистелрой 2018 жылы телеарналардың біріне берген сұқбатында. 

©desporto.sapo.pt

Рауль (Криштианумен бірге 2009/10 жылғы маусымда “Реал” сапында бірге ойнаған)

“Реал” аңызы 2015 жылы АҚШ-тағы сұқбаттарының бірінде былай деген: “Мен Зидан, Роналдо, Фигу, Криштиану секілді жұлдыздармен бір клубта ойнау бақытына ие болғандардың бірімін. Бірақ Месси, бұл ойыншылардан мүлде бөлек. Ол – әмбебап. Ол өте қиын нәрселерді де оп-оңай жүзеге асырады”.

Рой Кин  (Роналдумен “МЮ” сапында 2003-2006 жылдары бірге ойнаған)

2015 жылы Рой: “Бала кезімде Марадона кумирім болды. Сонымен бірге, Криштиануға да таңғаламын. Бүгінде ол өте жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүр. Бірақ Месси мен көрген футболшылардың ішіндегі үздігі. Біреуді мақтауым қиын, ал Месси бұған лайық. Кейде оның ойынынан кемшілік іздеймін. Бірақ таба алмаймын. Ол – мінсіз!”, - деді. 

Бірақ арада 2 жыл өткесін Мессиді қатты сынап: “Соңғы алты айда Криштиану Мессиді басып озды”, - деген еді. 

Пол Скоулз  (2003-2009 жылдарда Роналдумен “МЮ” сапында бірге ойнаған)

“Менің футболдық мансабым Кантона, Зидан, Хави, Пирло және Криштиану сынды футболшылар дәуірінде өтті. Бұлардың ішіндегі үздігі – Лео Месси. Мәселе оның соққан голдарында емес. Екі, үш немесе төрт ойын қатар жақсы ойнауға болады. Бірақ Месси мұны әр апта, әр футбол кешінде және бірнеше жылдан бері көрсетіп келеді”, - деген еді “Барселона” 2015 жылы Чемпиондар Лигасын жеңген кезінде. 

Димитр Бербатов (Криштианумен 2008/09 жылдары “МЮ” сапында бірге ойнаған)

“Месси – еш күмәнсіз ең үздік ойыншы. Криштиану супер, бірақ Лео маған көбірек ұнайды. Ол бәрін көріп тұрады, гол соғады һәм басқа футболшыларға мүмкіндік жасайды. Мінсіз ойыншы, бәлкім футбол тарихындағы үздігі”.

© beinsports.com

Бонус: Жозе Моурино (2010-13 жылдары Роналду намысын қорғаған “Реал Мадрид” клубын жаттықтырған бапкер)

Моурино бұл сұраққа тікелей жауап беруден қашып келді. “Реал” клубына бапкер кезінде Роналдуға басымдық берді. Бірақ 2016 жылы көпшілік күтпеген пікірін айтты:

“Футбол тарихындағы ең үздік ойыншы дейсіз бе? Үш футболшыны атай аламын. Олар: Пеле, Марадона және Месси”.

0
Рейтинг: +1

Фото: championat.com
Қосылған күні: 28 қазан 2019, 13:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.