"Астана Арландары" кездесусіз-ақ жеңіске жетті

"Астана Арландары" кездесусіз-ақ жеңіске жетті

"Астана Арландары" сапындағы қазақстандық боксшы Мирас Байырхановтың қарсыласы америкалық нокаутшылар клубының боксшысы Кларенс Джозеф шаршы алаңға шықпайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Кездесу супервайзері Луиз Бозелли аталған боксшының салмағы талап бойынша 73 килограмм орнына 74,2 килограмм болғандықтан, жарыс жолынан шығарып тастады.

Бокс ережесі бойынша, жеңіс отандасымызға еш қиындықсыз жазылды. Осылайша "Астана Арландары" кездесу басталмай жатып-ақ есепте алға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бүкіләлемдік бокс сериясы аясындағы "арландар" мен "нокаутшылар" арасындағы кездесуді ертең Астана уақытымен сағат 20:00-де "Ел Арнадан" тамашалай аласыздар.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: sportinfo.kz

Б. Қосмағамбет