Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Шумахер 6 жылдан кейін есін жиды - БАҚ

Шумахер 6 жылдан кейін есін жиды - БАҚ

Шумахер 6 жылдан кейін есін жиды - БАҚ

9 қыркүйек күні даңқты автошабандоз Михаэль Шумахерді "құпия емдеуден" өткізу үшін Париждегі емханалардың біріне жеткізілген еді. Le Parisien мәліметі бойынша, Шумахердің жасушасын ауыстыру бойынша ота жасалған. Отаны әлемге әйгілі кардиохирург Филипп Менаше жасаған. 

Михаэль Шумахерді қараған медбикенің айтуынша, ол есін жиған: "Иә, ол менің жұмыс уақытымда есін жиды. Ол қазір ояу", - деп келтіреді медбикенің сөзін Le Parisien басылымы. Алайда әзірге ешбір дереккөз бұл туралы ресми мәлімдеген жоқ.

Михаэль Шумахер 2013 жылы 29 желтоқсан күні Францияның Мерибеле тау-шаңғы курортында шаңғы теуіп жүргенде оқыс құлап, бас сүйегінен ауыр жарақат алған еді. Ауруханаға ауыр жағдайда келіп түскен Михаэль Шумахер бірден жасанды комаға енгізілді. Сол кезден бері әйгілі пилот әлі есін жимады.

Михаэль Шумахер – әлемнің жеті дүркін чемпионы, көптеген жарыстардың жеңімпазы, дүние жүзіндегі ең жүйрік пилот. Ол 1969 жылдың 3 қаңтарында Германия елінде дүниеге келген. "Шумидің" әкесі (лақап аты) шанағы жоқ көліктер жарыстарын өткізетін клубтың басқарушысы болып қызмет атқарған. Осылайша, Шумахердің мамандығы балалық шағында қалыптасты деп айтуға болады. Кішкентай  Михаэль көлікті тізгіндеуді ерте бастаған. Соның арқасында ол 14 жасында пилот лицензиясына қол жеткізген.

Жастайынан көптеген жарыстарға қатысып, бәсекелестерімен бақ сынасқан. 17 жасқа дейін Шумахер бірнеше еуропалық чемпионаттарда жеңіске жетіп, 21 жасында "Формула-3" жарысында алғаш чемпион атанды. Кейін келе, Шуми Жапонияның "Формула-3000" жарысында көзге түсіп,  1991 жылы Бельгияда өткен Гран-При жарысында "Jordan" командасының құрамында өнер көрсеткен.

2001 жылы Шумахер Ален Просттың рекордың қайталаған – бұрын-соңды Гран-Приді ешкім 3 мәрте жеңген емес. 2004 жылы Михаэль жетінші рет әлем чемпионы атанады. Бұл оқиғадан кейін Шумахер бүкіл әлемге әйгілі болып, көптеген жанкүйерлердің кумиріне айналған. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: eurosport.com
Қосылған күні: 11 қыркүйек, 16:23

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.