Әлемнің ең қымбат жас футболшылары

Әлемнің ең қымбат жас футболшылары

Массагет порталы назарларыңызға бүгінгі таңдағы ең жас әрі әлемнің ең қымбат ойыншыларын ұсынады. 

Аустрия құрамасының ойыншысы - Давид Алаба. Ол "Бавария" командасын Луи ван Гал жаттықтырып жүрген кезде ұжымға тартылған болатын. Бүгінде ол команданың негізгі қорғаушыларының бірі. Оның трансферлік нарықтағы бағасы 16.000.000 €. 

"Аякс" командасының жартылай қорғаушысы - Кристиан Эриксен. Мамандар бұл жігітті бүгін де даңқты Микаэлем Лаудруппен теңеп отыр. Трансферлік нарықтағы бағасы - 16.000.000€.

Италиялық "Милан" командасының шабуылшысы - Стефан Эль-Шаарави. Трансферлік нарықтағы бағасы - 16.000.000 €.

Грекия және немістің "Шальке - 04" командасының қорңаушысы - Кирьякос Пападопулос. Трансферлік нарықтағы бағасы - 18.000.000 €.

"Рома" командасының шабуылсы - Эрик Ламела. Ол бүгінде Италияның А сериясындағы үздік сұрмергендердің бірі. Трансферлік бағасы - 18.000.000 €.

Англия және "МЮ" командасының ойыншсы - Фил Джонс. Фил былтырғы маусымда "Тұманды альбионның" ең үздік жас қорғаушысы атанған. Трансферлік құны - 18.000.000 €.

«Атлетик» командасының шабуылшысы - Икер Муниаин. Трансферлік нарықтағы бағасы - 18.000.000 €.

Арсен Венгердің сенімді шәкірті - Джек Уилшер. Англия және "Арсенал" командасының талантты жартылай қорғаушысы. Трансферлік нарықтағы бағасы - 22.000.000 €.  

Германия және "Боруссия Д" командасының жартылай қорғаушысы - Марио Гетце. Соңғы екі жылда Марио Гетце неміс бундеслигасын ұтып алды. Сонымен қатар "Неміс машинасының" сапында Еуро-2012 додасында бақ сынады. Трансферлік нарықтағы бағасы - 30.000.000 €.  

Оңтүстік Американың 2011 жылғы үздік ойыншысы Неймар. Неймарға бүгінгі таңда Еуропаның көптеген алпауыт командалары қызығушылық танытуда. Бірақ, бұл жас таланттың бағасы тым қымбат. Трансферлік нарықтағы бағасы - 40.000.000 €. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: sports.ru

Ю. НИКУЛЛИН