Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Аяғынан айырылса да аянбаған ер. Спортшы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?

Аяғынан айырылса да аянбаған ер. Спортшы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?

Аяғынан айырылса да аянбаған ер. Спортшы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?

19 жасында бір аяғынан айырылған кәсіпқой спортшы Ербол Хамитов бір сәт те болсын өмірден күдерін үзген емес. Бойындағы рухын жиып, алға қойған мақсаттарына қадам басып келеді. TengriMIX өмірге осындай құштар жанның жеңіс жолындағы жігері мен өр рухы жайлы мақала дайындады.

Ол өзін әрқашан күшті сезінді. Еркіндікті жаны сүйеді. Өзгеге де қамқор жан. Петропавл тумасы өзінің еңбексүйгіштігі және қайтпас қайсар мінезінің арқасында зор жетістіктерге қол созды. Джиу-джитсудан және аралас жекпе-жектен ел чемпионатында жүлдегерлер қатарына ілікті.

Спортшы отбасын асырау үшін бос уақытында күзетші болып та қызмет етті.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khamitov Yerbol (@khamitovyg)12 Дек 2016 в 7:32 PST

Ерболдың өмірін күрт өзгерткен оқиға да осы жұмысымен байланысты болды. Жастардың өзара дауы қақтығысқа ұласып, соңы спортшының жарақат алуымен аяқталды. Тізесіне тиген оқтан кейін дәрігерлер Ерболдың аяғын сақтап қала алмады.

– Мен жан сақтау бөлімінде жатып ояндым. Аяғым жоқ екенін сезіндім. Анама қоңырау шалдым, телефонды көтермеді. Қызыма қоңырау шалдым. Осындай сәтте менімен бірге боласың ба? - деп сұрадым. Ол "иә" деп жауап қайырды. Одан кейін ет жақындарыма бәрі жақсы болатынын айтып жұбаттым. Анам көз жасын көрсеткен жоқ. Әкем қатты қайғырды. Апам мұңнан инфаркт алды. Ал атам қатты ауырып, көп уақыт өтпей көз жұмды, - дейді Хамитов.

Осы бір оқиғадан кейін Ербол өмірінен баз кешкен жоқ. Жаттығуын жалғастырып, бір аяқпен өмір сүруге де бейімделе бастады.

– Аулаға шығып, белтемірге тартылдым. Достарым жанымда болды. Бірақ, жаттықтырушымды таба алмадым. Есесіне елордадағы ММА-дан бас жаттықтырушы Сергей Веселов пен ММА федерациясының президенті Анатолий Ким көп қолдау көрсетті. Олар мені оқу-жаттығу жиындарына шақыратынын айтты. Бір айдан кейін мен Алматыда болдым. Қазақстан әуесқой құрамасы Бахрейндегі әлем чемпионатына дайындығын бастаған. Солармен бірге жаттықтым. Жаңа достар таптым, - дейді спортшы.

Бір жылдан артық уақыт Ербол балдақпен жүрді. Одан кейін протез киді, әрі арзаны еді. Онымен жаттығу мүмкін болмады. Заманауи жаңа үлгісіне қаржы жетпеді. Бірақ Ербол арзанын да өзіне ыңғайлап алды.

– Маған протезді жергілікті заводта жасады. Алғашқы уақытта мен оны киген жоқпын. Себебі олардың бергені маған келіңкіремеді. Кейіннен өзім ыңғайлап алдым. Басында қиын болды. Оған да бой үйретуге тура келді. Қазір онымен тауға да шыға аламын, - дейді Ербол.

Бір аяқтан айырылса да, Ербол күнделікті жаттығуы мен өмірін тежеп қойған жоқ. Қазіргі таңда ол екі бірдей команда құрамында. Бірі – тау-шаңғы спорты (Paralympic Skiing ) болса, екіншісі – аралас жекпе-жек (GorillaGrapplingTeam).

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khamitov Yerbol (@khamitovyg)13 Июл 2019 в 5:35 PDT

– Жарақаттан кейін мен 15 келі салмақ тастадым. Қазір бабыма келіп жүрмін. Күнде үш мезгіл жаттығамын. Көбіне қол мен иық жаттығуларын жасаймын. Дәл қазір 2022 жылы Пекинде өтетін Паралимпиада ойындарын тау шаңғысы спорты бойынша қатысуға дайындалып жүрмін, - дейді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khamitov Yerbol (@khamitovyg)18 Июл 2019 в 12:16 PDT

2017 жылы Ербол грепплингтен ҚР кубогында "Жеңіске деген жігері үшін" чемпиондық белбеуін иеленді. Ал келер жылы ParterPro жарысында үш жүлде еншіледі. 66 кило салмақ дәрежесі бойынша СҚО чемпионы атанды. Одан өзге пара тау шаңғысы бойынша ел чемпионатында жүлдегерлер қатарынан екі рет көрінді. 2018 жылы "Қазақстандағы ең мықты джитсер" марапатына ұсынылды.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khamitov Yerbol (@khamitovyg)9 Апр 2018 в 11:54 PDT

Биыл пара тау шаңғы спорты бойынша өткен ҚР чемпионатында 1 шақырымды жарыс бойынша екінші орыннан көрінді. Ал жарыстың екінші күні 5 шақырымдық қашықтықта бірінші орын алды. Сондай-ақ грепплингтен Қостанайда өткен спорттық жарыста 71 келі салмақта күміс медаль еншіледі.

– Ең үлкен жеңіс – өзіңді жеңу. Кез келген жағдайда адам болып қалу басты мақсатым. Әрине, жарыстағы жеңістің дәмі бір бөлек. Бір аяғымның болмауы – адамдар үшін таңсық көрініс. Олар сонда да спортта жүргеніме таңданып, қол соғады. Мен солардың қошеметімен қанаттанып жүрмін десем де болады. Грепплингтен өткен турнирде қарсыласым жеңіле салуды жөн санады. Мен бірақ соңына дейін белдесуін сұрадым. Ер жігіт болған соң, соңына дейін күресу керек, - дейді Ербол Хамитов.

Ерболға оқ атқандар 3 жылдан 6 жылға дейін абақтыға жабылған. Бесеудің төртеуі екі жылдан кейін бостандыққа шыққан.

– Мұндайды кешіру қиын. Бірақ мен ұмыттым, себебі өз жолыммен жүрмін. Бастысы, ата-анама мен үшін ұят келмесе деймін. Мен үшін адам болып қалу маңызды. Күн сайын өзіммен күресіп жүрмін. Қазір балаларды жаттықтырамын. Жұмыс тауып, оқығым да келеді. ММА федерациясының девизі секілді ұстанымым да бар. "Жалындап жанған от бол, от болмасаң жоқ бол" - дейді Ербол Хамитов.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Khamitov Yerbol (@khamitovyg)5 Май 2019 в 1:50 PDT

Айта кетейік, "Батырлар арамызда" арнайы жобасы ERG компаниясы қолдауымен жүзеге асуда. Сондай-ақ ERG компаниясымен бірге бастаған "Қазақстанның талантты балалары", "Победители" және "Выдающиеся учителя" жобалары да өз жалғасын табуда. 

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: Ербол Хамитов жеке архивінен
Қосылған күні: 19 шілде, 13:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.