"Бекзат Саттарханов қалай нокдаун алды?" (естелік)

"Бекзат Саттарханов қалай нокдаун алды?" (естелік)
Фото: pleerguitar.weebly.com

20 жасында Олимп шыңын бағындырып, Сидней төрінде ел абыройын асырған Бекзат Саттархановты жұрт есінен шығарған емес. Шаршы алаңның дүлдүлі дүниеден озғанына да 19 жылдың жүзі болды. Күні бүгін ортамызда болғанда 39 жасқа толар еді...

Олимпиадаға аттанар кезде ұшақ баспалдағында тұрған Бекзат үлкен ағасы Мақсатқа: "Мен бас жүлдемен ораламын. Менен алтын күтіңдер!", - деп айғайлап, жеңетінін алдын ала сезген деседі. Мұнан кейін де Бекзат анасына: "Мен әлі үш дүркін Олимпиада чемпионы боламын", - деп айтады екен. Тірі болғанда бұл арманы орындалып, күллі қазақтың қуанышы еселене түсер ме еді, кім білсін?

Бекзат жайлы естеліктер көп-ақ. Соның бірін Сидней Олимпиадасына бірге барып, бірге чемпион атанып қайтқан Ермахан Ибраимовтың өз аузынан естісек. Ермахан Сағиұлы бұл естелігін "Массагеттің" "Айна" бағдарламасына қонаққа келгенде бөліскен еді.

Бекзат Сейілханұлы Саттарханов 20 жылдық ғұмырында шаршы алаңда 143 жекпе-жек өткізіп, оның 132-де жеңіске жеткен.

О. Сансызбай