Олимпиада жүлдегері Денис Тен дүниеден озды

Олимпиада жүлдегері Денис Тен дүниеден озды
Фото: vesti.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен дүниеден озды. Спортшы бүгін автоұрылар қолынан қаза тапты.

Дәрігерлердің айтуынша, жарақат өте ауыр болған. Спортшы тым көп қан жоғалтқан, есін жимастан көз жұмды. 

Осыған дейін Алматыда белгісіз біреулердің Денис Тенді пышақтап кеткені хабарланған. Денис Теннің Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқаны айтылды.

"Ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда, ота жасалып жатыр. Үш литр қан жоғалтты", - деп хабарлаған еді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері.

Денис Тен 25 жасында дүниеден озды.

Ө. Сансызбай