Бразилия телеарнасының тосынсыйы Неймарды жылатты

Бразилия телеарнасының тосынсыйы Неймарды жылатты
Фото: obozrevatel.com

Бразилияның Globo TV телеарнасы футбол жұлдызы Неймар үшін тосынсый дайындады. Caldeirão do Huck шоуының мамандары футболшының бала кездегі бөлмесінің көшірмесін дәлдікпен қайта жасап шыққан.

Неймар бөлмеге кіріп шыққан соң бала кездегі естеліктері есіне түсіп жылап жіберген.

Осыдан соң бөлмеге оның анасы Надин мен қарындасы Рафаэлла кірген. Бөлменің көшірмесі осы кісілер көмектесуімен қайта жасалған.

Т. Раушанұлы