Пирлоның қоштасу ойыны. Алыптар текетіресі

Пирлоның қоштасу ойыны. Алыптар текетіресі
Фото: metro.com.my

Андреа Пирло футболдағы мансабын өткен жылдың қазанында аяқтағанын мәлім еткен болатын. 6 қараша күні "Нью-Йорк Сити" сапында ең соңғы ойынын өткізген еді. Пирло екі күн бұрын 39 жасқа толды. Кеше Миланда аңызға айналған италян футболшысы қоштасу ойынын ұйымдастырды. Кездесуге ХХ ғасырдың соңындағы Еуропада жасындай жарқылдаған бірқатар аяқ доп шеберлері келді. Олар – "ақ жұлдыздар және көк жұлдыздар" болып кездесу өткізді.

Шевченко ойын бастала салысымен есеп ашса, кездесу соңында Индзаги хет-трик жасап алыптар текетіресі 7:7 есебімен тең аяқталды.

Ақ жұлдыздар – Көк жұлдыздар 7:7 (3:5)

Голдар: 0:1 – Шевченко (1), 0:2 – Куальярелла (6), 1:2 – Пато (13), 1:3 – Кассано (29), 2:3 – Вьери (32), 2:4 – Кафу (35), 3:4 – Пато (41), 3:5 – Зеедорф (45), 3:6 – Брокки (47), 3:7 – Лука Тони (71), 4:7– Индзаги (75), 5:7- Матри (78), 6:7 – Индзаги (79), 7:7 – Индзаги (84).

"Ақ жұлдыздар": Дида, Абьятти, Бонуччи, Кьеллини, Дзанетти, Костакурта, Фавалли, Дзамбротта, Янкуловски, Мальдини, Оддо, Неста, Шимич, Баронио, Каморанези, Гаттузо, Леонардо, Лэмпард, Пирло, Руй Кошта, Пепе, Пирло, Верратти, Видаль, Баджо, Ди Натале, Яквинта, Филиппо Индзаги, Матри, Тотти, Пато, Вьери, Дель Пьеро.

"Көк жұлдыздар": Буффон, Сторари, Адани, Бардзальи, Кафу, Бонера, Диана, Феррара, Каладзе, Матерацци, Сержиньо, Пирло, Брокки, Диаманти, Де Росси, Маркизио, Перотта, Зеедорф, Альбертини, Амброзини, Боррьелло, Роналдиньо, Тевес, Лука Тони, Вентола, Кассано, Шевченко, Куальярелла.

Т. Раушанұлы