"Ювентус" аңызы. Буффон жанкүйерлеріне арнап қоштасу хатын жазды

"Ювентус" аңызы. Буффон жанкүйерлеріне арнап қоштасу хатын жазды
Фото: english.ahram.org.eg

"6111 күн...

6111 нағыз сезімге толы сәттер. Қуаныш, көз жасы, жеңіс һәм жеңіліс...

Рақмет. Баршаңызға рақмет. Барлығыңыз ғұмырымның ақ-қара киіміндегі әр сәтін мазмұнды өткізуіме көмек бердіңіздер. Бұл түс бейне тәнімнің екінші түсіне айналды. Мен оны үнемі мейірім, мақтанышпен көтеріп жүрдім, қадір тұттым. Көзімнің қарашығындай қорғадым.

Ертең бұл жол өз мәресіне жетеді. Біз бірлесіп жазған кітаптың соңғы нүктесі қойылады. Көңіл-кесем жасқа толып, толқып тұрмын.

Енді жаңа жол басталатыны сөзсіз. Жаңа кітап. Ол басталуы керек. Кез келген футболшыдан маңызды "Ювентус" үшін де. Оның кітабындағы маңызды беттер әрқашан менің санамда мәңгілікке жазыла береді. Себебі "Ювентус" бірегей, қайталанбас және ғажап ДНҚ. "Ювентус" - жанұя. Менің отбасым. Мен оны жақсы көруден, өз ризашылығымды білдіруден, оны өз жанұям деп есептеуден ешқашан шаршамаймын. Ол маған өте көп нәрсе берді. Мен оған бергеннен де өте көп...

Жаңа жолдың басталуы сөзсіз. Жаңа кітап. Ол басталуы керек. Мен болашаққа басқа көзбен қарауды үйренуім керек. Өмір маған ұсынатын, мен ойыннан тыс сезінуді қаламайтын жаңа шақыруларды табиғи қорқумен қабылдаймын. Себебі көптеген майданда етікпен қан кешкен жеңіс пен жеңілістің дәмін татқан жауынгер, жаңа күрес бұрынғысынан басқаша, алдынғысынан да ауырлау, қиындау болатынын жақсы біледі.

Бұл стадионға алғаш рет велосипедпен келіп едім. Сол кезде өте жас болдым. Ертең жаяу қайтамын. Қоштасу мен шексіз көңіл сезімін тағы бір бастан кешу үшін. Мен әрқашан өз үйім деп атайтын жерден шалғайда бола алмауымды түсіну үшін. Мен үшін әрқашан аға, іні, дос боп қалатын командаластарым, достарыммен қоштасу үшін..."

Айта кетейік, 40 жастағы қақпашы "Ювентус" сапында 17 жыл ойнап, 656 ойынға қатысқан. 301 ойында өз қақпасына гол соқтырмаған. 17 чемпиондық атаққа ие болған.

Т. Раушанұлы