Канадалық желаяқтың ерекше марафоны

Канадалық желаяқтың ерекше марафоны

Канада тұрғыны Адам Кэмпбелл Victoria Marathon турнирінде марафондық қашықтыққа іскерлік костюммен жүгіруден әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды NEWSru.com. 

Желаяқтың көрсеткіші 2 сағат 35 минут 53 секундты құраған. Кэмпбеллдің сөзіне қарағанда, ол жаңа сатып алынған костюм мен мақтадан тігілген көйлек киіп жүгірген көрінеді. Ол өз сөзінде: "Күн райы жақсы болды, бірақ костюммен жүгіру аса қолайлы деп айта алмайсың. Пейджак пен көйлектің барлық ілгектері салынған, ол аздай галстук те тым қатты байланып, еркін жүгіруге кедергі келтірді. Ал 29-шақырымнан соң, жағдайым тым ауырлап кетті. Бірақ мен басыма салқын су құйып, жүгірісімді әрі қарай жалғастыра бердім. Су да өз кесірін тигізбей қойған жоқ. Ылғал костюм одан сайын ауырлап, жүгірісімді барынша тежеді" деп ағынан жарылды.

Осыған дейінгі костюммен жүгіруден әлемдік рекорд 3:24:46 болған еді. Яғни биылғы рекорд бұдан шамамен 1 сағатқа жылдам. Ал классикалық марафонда әлем рекорды кениялық Патрик Макауға тиесілі: 2:03:38. Марафондық қашықтық 42,195 шақырымды құрайды. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: news.404.ru

Б. Қосмағамбет