Неге мен?

Неге мен?
Фото: theGrio

Халықаралық теннис турнирі – Уимблдон баршаға таныс болар. Осы атақты турнирдің кезіндегі афроамерикалық тұңғыш чемпионы Артур Эш қан құю кезінде, ЖИТС ауруын жұқтырып, өлім аузында жатады. Сол кезде оған жанкүйерлерінің бірі неліктен осы аурумен дәл сіз ауырдыңыз екен деп тағдырға наразылығын білдіреді.

Сол сәтте оған Артурдың берген жауабы таңғалдырып, әлемге тарап кетті. Ол былай деген екен:

Бүкіл дүние жүзінде 50 милионнан астам бала тенниске қызығушылық танытады. Оның 5 миллионы алдына мақсат қойып, қалайда теннис ойынын үйренеді, олар қарапайым қызығушылық ретінде ғана айналысумен шектелсе, оның ішіндегі 500 мың бала ғана кәсіби тенниске бет бұрады. Ал 50 мыңы әртүрлі сайыстарға қатысып, тек 5 мыңы топ жарып шықты. Үлкен жарыстарға жеткен 5 мың баланың ішінде 50 шақты үміткер ғана Уимболдон турниріне кіреді, төртеуі жартылай финалға шығып, екі түйір бала финалға шығады. Чемпион атанғанда қолыма кубок ұстап тұрып, тағдырыма "Неге мен?" деген жоқпын, енді ауырып төсекте жатқанда қалайша "Неге мен?" дей аламын.

@. @assel_assanova