"Манчестер Юнайтед" жұлдыздары бейнероликке түсті

"Манчестер Юнайтед" жұлдыздары бейнероликке түсті

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол командасының жұлдыздары әзірбайжандық Bakcell ұялы байланысының жарнамасына түсті. Бейнероликте Райан Гиггз, Рио Фердинанд, Патрис Эвра, Федерико Македа және де әлем футболының жарық жұлдызы сэр Бобби Чарльтон бар.

Ертеректе "Манчестер Юнайтед" және Bakcell ұялы байланысы Әзірбайжан аймағында ағылшындық команданың барлық кездесулеріне телетрансляция жасауға келіскен болатын. Дәл осы келісім-шарт бойынша бүгінде 2,6 миллионнан астам Bakcell байланысының пайдаланушылары ұялы телефон арқылы MUTV арнасынан «қызыл сойқандардың» ойындарын тамашалауға мүмкіндік алды. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: 1news.az

У. ҚОСАНБАЙ