Испания примерасы тарихындағы ең үздік 10 футболшы

Испания примерасы тарихындағы ең үздік 10 футболшы
Фото: google.kz

Испания примерасы тарихы мен статистикасын зерттеу орталығы (CINEFE) ел чемпионаты тарихындағы ең үздік футболшылардың рейтингін жариялады. 86 футбол маусымын сараптамадан өткізген орталық көш басына Лионель Мессиді шығарған.

Үздіктер рейтингі түрлі факторлар нәтижесі бойынша түзілген. Оның ішінде бір маусымда қанша минут алаңда ойнағаны, ойын мен пенальтиден соққан голдары, автогол мен алаңнан қуылған сәттері басты назарға алынған.

CINEFE рейтингінің нәтижесі бойынша Лионель Месси Испания примерасы тарихындағы ең үздік футболшы. Екінші орынға мадридтік "Реалдың" аты аңызға айналған футболшысы Рауль Гонсалес орналасқан. Үштікке 1939-1955 жылдар аралығында "Барселонада" ойнаған Сесар Родригес енген. Ал бүгінде Мессидің басты бәсекелесі саналатын футболшылардың бірі Криштиану Роналду бұл рейтингте бар болғаны 17-орынға табан тіреген.

Үздік 10 футболшы:

1. Лионель Месси, "Барселона" – 545 ұпай

2. Рауль Гонсалес, "Реал" (1994–2010) – 528

3. Сесар Родригес, "Барселона" (1939–1955)

4. Тельмо Сарра, "Атлетик" (1940–1955) – 493

5. Кини, "Спортинг Хихон" (1968–80); "Барселона" (1980–1984) – 488

6. Хуан Арса, "Севилья" (1943–1959) – 481

7. Альфредо ди Стефано, "Валенсия" (1970–74, 79–80, 86–88); "Реал" – (1982–1984, 1990–1991) – 481

8. Франциско Генто, "Валенсия" (1977–1978); "Гранада" (1980–1981) – 467

9. Сантильяна, "Реал" (1971–1988) – 464

10. Гильермо Горостиса, "Атлетик" (1929–1940); "Валенсия" (1940–1946) – 454

Ө. Сансызбай