Месси "Барселонаны" жаттықтыруды өз қолына алады

Месси "Барселонаны" жаттықтыруды өз қолына алады
Фото: YouTube

Лионель Месси маусым соңына дейін "Барселонада" жаттықтырушының қызметін де қоса ала жүреді. Бұл туралы бүгін испан басылымдары жаза бастады.

Каталондық клубта Лионель Мессидің айтқаны екі болмайтыны айтылып, жазылып та жүр. Соңғы уақытта бас жаттықтырушы Луис Энрикеге команда ойыншыларының да көңілі толмайтыны хабарланған болатын. Кейіннен бас жаттықтырушы маусым соңынан қызметінен кететінін айтты. Ал аргентиналық сұрмерген бұл қызметке отандасы Хорхе Сампаолидің (қазіргі Севилья жаттықтырушысы) келгенін қалайды.

Лионель Месси Испания ла лигасының келесі ойындарына дайындық пен ойын жүйесін өзі жасайтын көрінеді. Ол "Реалға" қарсы ойында жеңіске жету – чемпиондық атақ тағдырын шешеді деп тұспалдауда. Егер "Эль-класикода" ұтатын болса, чемпион атануға мүмкіндік бар деп санайды. Осыған дейін футболшы клуб басшылығына үш футболшыны сатуды айтқан болатын.

Аргентиналық шабуылшы әзірге "Барселонамен" келісімшартын ұзартуға асығар емес. Қазіргі таңда клуб футболшыға жылына 40 миллион еуро көлемінде жалақы төлеу жайлы ұсыныс жасауда. 

Ө. Сансызбай