"Барселона" жартылай финалда

"Барселона" жартылай финалда
Фото: zimbio.com

"Реал Мадридке" қарсы өнер көрсеткен "Барселона" футбол командасы Испания кубогының жартылай финалына жолдама алды. Кеше 25 қаңтар күні "Ноу Камп" алаңында екі команда тең өнер көрсетіп, матч  2:2 есебімен аяқталған. Кездесудегі есепті бірінші болып, каталондық клуб ойыншылары ашқан болатын. Кездесудің 43-минутында Лионель Месси "Реалдың" барлық қорғаушыларын алдап, пасты Педро Родригеске берді. Родригес болса, еш қиындықсыз допты Икер Касильястың қақпасына кіргізді. Үш минуттан кейін Дани Алвес "Реалдың" қақпасына гол соғып, командасын бір қуантып жіберген. "Реал" ойынның екінші жартысында ғана Криштиану Роналду (68-мин) мен Карим Бенземаның (71-мин) дәл соққыларының арқасында таразы басын теңестірді. Екі кездесу нәтижелерінің қорытындысы бойынша "Барселона" жарыстың жартылай финалына жолдама алды. 19 қаңтар күні өткен екі команданың бірінші кездесуінде Барселона 2:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірген болатын.

Ақпарат көзі http://tengrinews.kz/football/206794