Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Әлемнің ең бай 10 спортшысы (1-бөлім)

Әлемнің ең бай 10 спортшысы (1-бөлім)

Әлемнің ең бай 10 спортшысы (1-бөлім)

2010 жылдың ең бай 10 спортшысының есімдерін әйгілі «Forbes» журналы жария етті. Байлар арасынан неше түрлі танымал есімдерді кездестіруге болады. Әрқайсысы өзі ермек  еткен спорт түрінің хас шебері. Осы спортшылардың теңдесі жоқ десек, қателеспейтін шығармыз. Бір қызығы, спортшылардың есеп-шоттарына түрлі жарнамалардан түскен қаражаттың көлемі миллиондаған долларға дейін жетеді! Әлемдегі ең бай 10 спортшының есімдерін білгіңіз келе ме? Олай болса, әңгімемізді одан ары жалғастырайық.

  • Байлардың тізімін Тайгер Вудс бастап келеді. Жасы 35-ке келген гольф ойынының шебері, әлемнің ең бай спортшысы деген атаққа ие. Гольф шеберінің байлығы жүздеген миллион долларды құрайды. Жоғарыда айтылған журналдың пайымдауынша, Тайгердің  байлығы бірнеше жылда миллиардқа жетуі әбден мүмкін. Егер айтылған сөз шындыққа ұласса, Гиннес рекордтар кітабынан алғашқы миллиардер-спортшы атағын иеленген Тайгердің есімін көрсеңіз, таң қалмаңыз. Вудстың негізгі табыс көзі – түрлі жарыстарда жеңіп алған жүлделі қорлар. «Мейджор» турнирінде Тайгер 14 рет үздік көрсеткішке ие болған. «PGA Тур» жарысындағы жеңіс тұғырының төрінен 71 рет көрінді. Басқа да атақтарының саны шексіз. Осыған қоса, Тайгер «Nike», «Buick» және «Gillette» сынды аты әлемге әйгілі сауда белгілерін жарнамалау арқылы өз әмиянын толықтырып отыр. Былтыр Тайгердің жинап-терген  қаражат көлемі 75 миллион долларды құраған.

  • АҚШ-тың ең танымал баскетболшысы Коби Брайанттың 2010 жылы тапқан табысы 54 миллион долларға жеткен. Кобидің әкесі Джо, кезінде өте мықты спортшылардың қатарында болды. 80-ші жылдары Ұлттық лигада өнер көрсеткен Джо, талай шыңдарды бағындырған. Әке жолын қуған Брайант, 1996 жылы Лос-Анджелес қаласының Лейкерс командасында спорттық  мансабын бастады. Арада 15 жыл өтсе де, Коби сол командада әлі күнге дейін өнер көрсетіп келеді. Ұлттық баскетбол лигасының бес дүркін чемпионы атанған жігіттің қаражаты қомақты. Ол Бейжің Олимпиадасының жеңімпазы. 2007/2008 жылғы маусымда Американың ең қымбат ойыншысы атағына қол жеткізген. 8 мәрте Ұлттық лиганың белді ойыншысы атанды.

  • Леброн Джеймс - баскетбол ойынының тағы бір атақты өкілі. 1984 жылы АҚШ-тың Огайо штатында дүниеге келген Леброн бала кезінен баскетболға құмар еді. Джеймс «Кливленд Кавальерстің» намысын 7 жыл қорғаса, қазір «Майами Хиттің» құрамында аянбай еңбек етуде. Салмағы 114 келі, бойы 203 см. Джеймс екі мәрте Олимпиада ойындарында өнер көрсеткен. Афиныда қола медаль еншілесе, Бейжіңде алтынға қол жеткізді. Джеймс бірнеше рет ұлттық құрамада ойын өткізген. 2010 жылы Леброн Джеймс 48 миллион доллар көлемінде пайда тапқан.

  • Швейцариялық теннисші Роджер Федерер үшін былтырғы маусым сәтсіз өтті. 2010 жылы өткен «Үлкен дулыға» санатына жататын төрт жарыстың бірінде ғана үздік ойын көрсеткен болатын. Австралияда өткізілген ашық біріншілікте жеңіске жетті. Осының салдарынан Роджер әлемдік рейтингте тек үшінші  орынды қанағат тұтты. Спорттық маусым сәтсіз өткенімен, Роджердің материалдық жағдайы зардап шеккен жоқ. Федерер басқа турнирлерде жүлделі орындарды иеленіп, қаржылай олжаларға кенелді. «Үлкен дулыға» жарысының 14 дүркін жеңімпазы жарнамалардан түскен қаржылардың арқасында материалдық жағдайын жақсартқан көрінеді. Роджердің 2010 жылғы табысы 47 миллион долларды құраған.

  • Бесінші орында Фил Микельсон. 1970 жылы Американың Калифорния штатында дүниеге келген Фил, «PGA Тур» байқау-бәйгесінде 30 мәрте топ жарған. 2010 жылы 46,5 миллион доллар көлемінде  қаражат тапқан.

Суреттер lichnosti.ru, mygazeta.com сайттарынан

3456 2
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 26 қаңтар 2012, 11:50
Пікірлер
+0
26 қаңтар 2012, 12:08

Федерер тақыр кедей болса да, мына суретіне қарап сүйсінер едім.

+0
26 қаңтар 2012, 13:18

жалпы,мына ақпаратты ертерек беріп отырсыздар-ау деймін...
2011-ші жылдың қорытындысы бойынша ең бай спортсмендер:
1. Тайгер Вудс (АҚШ, гольф) – $62,29 млн
2. Фил Микельсон (АҚШ, гольф) – $61,19 млн
3. Роджер Федерер (Швейцария, теннис) – $52,78 млн
4. Мэнни Пакьяо (Филиппины, бокс) – $52,50 млн
5. Фернандо Алонсо (Испания, Формула-1) – $45 млн
6. Леброн Джеймс (АҚШ, баскетбол) – $44,5 млн
7. Лионель Месси (Аргентина, футбол) – $43,8 млн
8. Криштиану Роналдо (Португалия, футбол) – $38,8 млн
9. Пейтон Маннинг (АҚШ, америка футболы) – $38,07 млн
10. Алекс Родригес (АҚШ, бейсбол) – $36 млн

http://sport.segodnya.ua/others/828871.html

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...