Үш Олимпиадада жүлде алған қазақ спортшысы Ольга Рыпакованың туған күні

Үш Олимпиадада жүлде алған қазақ спортшысы Ольга Рыпакованың туған күні
Фото: Reactor.kz

Бүгін қазақстандық жеңіл атлет, үш қарғып секіруден 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакованың туған күні. Еліміздің мақтанышы болған жеңіл атлетіміз бүгін 32 жасқа толып отыр.

Ольга Рыпакова 1984 жылы 30 қарашада Өскемен қаласында дүние есігін ашқан. 2001 жылы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын бітірген. Өзінің туған әкесі С.Д.Алексеев жаттықтырады. Бірнеше халықаралық, әлемдік жарыстардың жеңімпазы һәм жүлдегері болған Ольганың жеңісті жолы онымен тоқтап қалған жоқ. Қазақ спорты тарихында қатарынан үш Олимпиадада жүлде алған тұңғыш спортшы.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз үш қарғып секіруден 2012 жылы Лондонда Олимпиада чемпионы, Риода қола жүлдегер атанған еді. Бейжің Олимпиадасында қола жүлдегер атанған грек спортшысы Хрисопия Деветцидің допинг қолданғаны анықталып, қазақстандық спортшы ресми түрде қола жүлдеге ие болды. 

Ж. Жұмағұлов