Стивен Джеррард спорттық мансабын аяқтады

Стивен Джеррард спорттық мансабын аяқтады
Фото: eurosport.ru

Ағылшындық танымал футболшы Стивен Джеррард спорттық мансабын аяқтады. Бұл туралы спортшының өзі ресми мәлімдеме жасады.

- Менің спорттық мансабым ғажап болды. «Ливерпуль», «Лос-Анджелес Гэлакси» және Англия ұлттық құрамасы сапындағы әрбір сәтім үшін алғыс білдіремін. Талай жетістіктерім үшін өзімді бақытты сезінемін.

«Ливерпуль» сапында 700-ден асық ойын өткізгенімді мақтаныш тұтамын. Оның көпшілігінде капитан болдым.

Мені қолдаған, жанкүйерлік танытқан жандарға ерекше алғысымды білдіремін. Ең бастысы отбасыма рақмет айтамын. Ал болашақтағы жоспарларым жайлы алдағы уақытта хабарлайтын боламын, - деді футболшы.

36 жастағы Стивен Джеррард соңғы жылдары «Лос-Анджелес Гэлакси» командасында ойнады. Мерсисайдтық клуб пен АҚШ командасы сапындағы клубтық мансабында 729 ойын өткізіп, 185 гол соққан, 115 нәтижелі пас берген. Ал Англия ұлттық құрамасы жейдесінде 114 рет жасыл алаңға шығып, 21 гол соққан.

Ө. Сансызбай