Еуропаның ең жас футболшысы анықталды

Еуропаның ең жас футболшысы анықталды
Фото: beIN SPORTS

Мюнхендік «Баварияның» жартылай қорғаушысы Ренату Санчеш Еуропаның ең жас футболшысына берілетін «Golden Boy» марапатына ие болды. Бұл марапат жыл сайын «Tuttosport» басылымының таңдауы бойынша беріліп келеді.

Үздік ойыншы атану үшін Ренату Санчеш «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Маркус Рэшфорд және командаласы Кингсли Команнан озды. Үздік ойыншы Еуропаның ең танымал бұқаралық ақпарат құралдары тілшілерінің дауыс беруі бойынша анықталды.

Ренату Санчеш Францияда өткен Еуропа чемпионатында үздік ойынымен көзге түскен еді. Мюнхендік клуб ойыншының болашағына зор сеніммен қарап келеді. 

Айта кетейік, өткен жылы бұл марапатты «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Антони Мартиаль жеңіп алған еді.   

Ө. Сансызбай