Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Тұлғалар / Луис Суареске «Алтын бутсы» табысталды

Луис Суареске «Алтын бутсы» табысталды

Луис Суареске «Алтын бутсы» табысталды

Каталондық «Барселонаның» үздік сұрмергені Луис Суарес «Алтын бутсы» марапатын иеленді. Бұл марапат Еуропадағы чемпионаттарда бір маусымда ең көп гол соққан футболшыға беріледі.

«Алтын бутсы» иегерін анықтауда әр ел біріншілігінің арнайы ұпай көрсеткіштері белгіленген. Футбол спорты дамыған Еуропаның алпауыт біріншіліктерінде гол соққан ойыншыларға 2 ұпайдан берілсе, ішкі біріншілігінің деңгейі төмен елдің ойыншылары 1 ұпайдан иеленеді. 2015/2016 жылғы маусымның қорытындысы бойынша уругвайлық шабуылшы 40 гол соқты. Нәтижесінде 80 ұпаймен «Алтын бутсы» иегері атанды.

Өткен маусымның қорытындысы бойынша Гонсало Игуаин 72 ұпай (36 гол) жинаса, Криштиану Роналу 70 ұпай (35 гол) алды.

- Мен ешқашан үздік сұрмерген атанамын деп мақсат қоймағанмын. Маған бірінші кезекте командалық нәтиже маңызды. Бұл марапат та «Барселонаның» командалық ойынының жемісі. Дегенмен, өткен маусым мен үшін өте табысты болды, - деді Луис Суарес.

Айта кетейік, Луис Суарес бұл марапатқа алғаш рет ие болып отырған жоқ. 2013/2014 жылғы маусымда да жеңіп алған болатын. 

Фото: vk.com
Қосылған күні: 20 қазан 2016, 20:29

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.