Ибрагимович және "Тақтар ойыны" сериалының жұлдыздары Головкинді құттықтады

Ибрагимович және "Тақтар ойыны" сериалының жұлдыздары Головкинді құттықтады
Фото: vesti.kz

"Тақтар ойыны" сериалының жұлдыздары және "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Златан Ибрагимович Геннадий Головкинді киінетін бөлмеге арнайы келіп, жеңісімен құттықтады.

Финалдық жарыстан кейін барлығы қазақстандық үздік боксшымен естелік суретке түсті. Златан Ибрагимович жекпе-жекті көзбен көріп, Головкинге жанкүйер болу үшін 335 километр қашықтықты көлікпен жүріп келді. Головкин – Брук жекпе-жегі басталғанға дейін Ибрагимович залда отырған ең атақты адамдар қатарынан болып, көпшілік онымен суретке түсіп үлгеруге тырысты.

@. @assel_assanova