Фристайл

Фристайл

Фристайл – еркін стиль дегенді білдіреді. Бұл спорттың атауы мен ережесін американдықтар өткен ғасырдың 70 жылдары ойлап тапқан.

XX ғ. ортасына таман Орталық Еуропаның тау шаңғышылары қатты жылдамдықпен сырғанаумен қатар, әдемі акробатикалық іс-әрекеттерді орындаумен әуестене бастаған. АҚШ пен Еуропа жерінде пайда болған жаңа спорт түрі тез арада дүниежүзінің түкпір-түкпіріне тарайды. Жаңа спорттың кеңінен тарағаны соншалықты, кейін осы жарыстарды жүйелейтін ережелер пайда болды. 1966 жылы АҚШ-тың Нью-Гемпшир штатына тиісті Аттиташ қаласында алғаш рет ресми түрде фристайлшылар арасынан ірі көлемді жарыс ұйымдастырылған. Кейін келе фристайл жарыстарына Швейцария, ФРГ, Италия, Австрия, АҚШ, Канада, Франция мен басқа да мемлекеттердің спортшылары белсенді түрде қатысқан.

Фристайл – шаңғы балеті, әуе акробатика мен могул элементтерінің жиынтығы десе де болады. Шаңғы балетінде спортшы жайпақ баураймен түсіп, сырғанау, секіру, айналу мен қадам элементтерін орындайды. Әуе акробатикасында спортшы арнайы дайындалған трамплинде әр түрлі деңгейдегі секірістер мен сальтоларды орындайды.

Трамплиндердің үш түрі болады: үлкен (биіктігі 3,5 м еңіс бұрышы 65 гр.), орташа (3.2; 63 гр.) және кіші (2.1; 55 гр.). Спортшы қонатын жердің аумағы борпылдақ қармен қапталуы тиіс. Спортшы жерден биіктікке секіру техникасы, биіктік пен ұшқан қашықтығы, элементтердің формасы мен қону әдістерді орындау техникасы бойынша бағаланады. Могул – дөңес беті бар трассаның бойында екі секіріс орындауды талап ететін спорттық элемент.

Фристайл 1992 жылдан бастап Олимпиада ойындарының қатарына қосылды. 1975 жылдан бері жыл сайын әлем кубогі өткізіледі. 1979 жылы Халықаралық Шаңғы Спорты федерациясының бастамасымен фристайл спортының техникалық комитеті құрылған. Және де сол уақыттан бері бұл спорт түрі халықаралық жарыстар бағдарламасына енген. Фристайлдың техникалық комитетінің бастамасымен баршаға ортақ жарыстар регламенті қабылданған. 1986 жылы ақпан айында Францияда бұл спорт түрінен алғаш рет әлем чемпионаты өтті.

Біздің елде фристайлдың алғашқы жарыстары 1970 жылы ұйымдастырылды. Ал жеке спорт түрі ретінде тек 1985 жылы қалыптасты. 1988 жылы КСРО-да жеке фристайл федерациясы құрылған. Дәл сол жылы КСРО мен Домбайда ХШС-тың қолдауымен фристайлдан халықаралық жарыстар өткен. Әлем кубогінің үш кезеңінде жерлесіміз Лиза Кожевникова жеңіске жетсе, Ресей фристайлшыларының қатарынан Сергей Шуплецов пен Василиса Семенчук алтыннан алқа тағынды.


Суреттер sport.segodnya.ua,wordkeeper.ru сайттарынан алынған