Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Месси ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады
Фото: sport.news.am

Әйгілі футболшы Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасы сапындағы мансабын аяқтағанын хабарлады. Ол мұндай шешімге команданың Америка кубогы финалындағы сәтсіздігінен кейін келген.

- Менің ұлттық құрамадағы мансабым аяқталды. Мен қолымнан келгенше барлығын жасадым. Чемпион атанбағанымыз өкінішті.

Мен ұлттық құрама сапында ірі доданың финалына төрт рет шықтым. Барлығында жеңіске жету үшін барымды салдым. Бірақ бұйырмады. Осымен барлығы аяқталды, - деді футболшы.

Аргентина ұлттық құрамасынан Лионель Мессиден өзге Серхио Агуэро мен өзге де бірнеше футболшы қош айтыспақ. Олар әзірге бұл шешімдерін ресми түрде мәлімдеген жоқ.

Айта кетейік, Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасындағы алғашқы ойынын 2005 жылы өткізген болатын. Одан бергі аралықта 112 ойында 55 гол соққан. Ұлттық құрама сапындағы ең үздік сұрмерген.

Ө. Сансызбай