Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли дүниеден озды

Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли дүниеден озды
Фото: ibtimes.co.uk

Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы NBC News порталына сілтеме жасап. 

Мұхаммед Әли Финикстегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды. Америкалық телекомпанияға боксшының қайтыс болғаны туралы мәліметті туыстары растаған.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын боксшының тыныс алуы қиындап, ауруханаға жеткізілген болатын. Сонымен қатар, дәрігерлер бүгін спортшының өлім аузында жатқанын хабарлады.

Дереккөз: tengrinews.kz

 

Г. Берік