Коби Брайанттың ең үздік 10 ойыны (видео)

Коби Брайанттың ең үздік 10 ойыны (видео)
Фото: sport.news.am

Жақында танымал баскетболшы Коби Брайант спорттық мансабын аяқтады. Осыған орай NBA баспасөз қызметі спортшының «Лос-Анджелес Лейкерс» клубы сапындағы ең үздік 10 ойынын тізіп шықты.

Коби Брайант команда сапындағы ең нәтижелі, ең үздік ойынын 2006 жылы «Торонто» клубына қарсы өткізген. Баскетболшы командасына 80 сыйлаған. Ал соңғы қоштасу ойынында Коби еншісіне 60 ұпай жазды.

Айта кетейік, Коби Брайант Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) 5 дүркін жеңімпазы, 18 рет NBA «Жұлдыздар ойынына» қатысқан. 2008 жылы NBA-ның ең бағалы ойыншысы атанған.

О. Сансызбай