«Реалда» ойнаудан бас тартқан 8 футболшы

«Реалда» ойнаудан бас тартқан 8 футболшы
Фото: eurosport.ru

Кәсіпқой футболда жұлдызы жанып келе жатқан ойыншыларға мадридтік «Реал» мен каталондық «Барселона» жиі талас жүргізіп тұрады. Көп футболшылар да осы екі клубтың бірінде ойнауды армандайды. Десе де армандамайтындар да бар екен...

Бүгін «корольдік клубта» ойнаудан бас тартқан ойыншылар туралы айтпақпыз. Олардың көпшілігі сүйікті клубында қалғанды қаласа, кейбіреулері мадридтік ұжымдағы бәсекелестікке бас ауыртқысы келмейді. Тіпті, кейбіріне жаттықтырушы ұнамаса, кейбіреуіне жаңа клубындағы командаластары ұнамай жатады.

Роберт Левандовский

Поляк шабуылшысы дортмундтық «Боруссияда» жүргенде-ақ мадридтік «Реал» қызығушылық танытқан-ды. Алайда ойыншы көп ойланбастан мюнхендік «Баварияны» таңдаған-ды. Жақында «корольдік клуб» Роберт Левандовскийге кезекті рет ұсыныс жасап көрді. Бұл жолы сұрмерген мадридтік «Реалдан» Роналду кетсе ғана баруы мүмкін екенін үзілді-кесілді мәлімдеді.

Златан Ибрагимович

«Милан» клубы Златан Ибрагимовичті сатуға шешім шығарғанда, «Реал» мен «ПСЖ» таласқан болатын. Швециялық футболшы мадридтік клубты емес, париждік ұжымды таңдаған-ды.

Серхио Агуэро

Аргентиналық сұрмерген өзін Англияда бақытты сезінеді. Ол мадридтік клуб ұсынысын қарап та шықпаған.

Неймар

Бразилиялық ойыншы мен оның агенттері «Реал» мен «Барселона» арасында көп таңдау жасады. Неймар бала кезінде доп тепкен мадридтік клубты тани тұра, ақыр соңында каталондық клубты таңдады.

Радамель Фалькао

Колумбиялық ойыншы мадридтік «Атлетикода» ойнап жүргенде «Реалға» ауысуына мол мүмкіндік болды. Тіпті, тұрғылықты үйін ауыстырмай-ақ, жаңа клубқа ауысуына болар еді. Алайда «Монаконы» таңдады. Бәлкім, Испаниядағы салықтан шаршаса керек-ті.

Андрей Шевченко

Италиялық тілші Энцо Катания өзінің кітабында Андрей Шевченконы 2001 жылы «Реалдың» сатып алғысы келгені туралы жазған. Алайда украиналық ойыншы өз келісімін бермеген.

Хавьер Пасторе

Париждің «ПСЖ» клубына ауыспай тұрып, Хавьер Пастореге мадридтік «Реал», каталондық «Барселона» мен лондондық «Челси» қызығушылық танытқан.

Жерар Пике

Қорғаушы ағылшындық «Манчестер Юнайтедтен» қайта оралғанда мадридтік клуб «Барселонадан» сатып алғысы келген. Алайда ойыншы «Реалға» ауысудан бас тартқан.

Ө. Сансызбай