Қара құрлықтың ең үздік футболшысы анықталды

Қара құрлықтың ең үздік футболшысы анықталды
Фото: eurosport.ru

Габон ұлттық құрамасы мен дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг 2015 жылғы Африка құрлығының үздік футболшысы атанды. Бұл туралы Африка футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлап отыр.

Дауыс беру қорытындысы бойынша габондық футболшы 143 ұпай жинаған. Ал осыған дейін қара құрлықта 4 жыл қатарынан үздік футболшы атанған Яя Туре Пьер-Эмерик Обамеянгтан 7 ұпайға қалып қойды. Үштікті 112 ұпаймен «Суонси» клубының шабуылшысы Андре Айю қорытындылады.

Пьер-Эмерик Обамеянг Африканың үздік футболшысы марапатына алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Ө. Сансызбай